Қазақстан • 14 Қазан, 2020

Мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 273 млрд теңгеден астам қаражат төленді

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 218,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 54,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 273 млрд теңгеден астам қаражат төленді

2020 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,6 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 5,2 млрд теңге бағытталды.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 533,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны   132,2 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2020 жылғы 1 қазанға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 46 196 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 39 179 теңгені құрады.