Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері Жайық өзенінің Дамба ауылының тұсынан "Yamaha" аспалы моторлы қайықты тоқтатыпты. Қайықта жалпы салмағы 625 келіні құраған бекіре тұқымдас балықтардың 238 данасы болған.
"Осы дерекке байланысты Жаңаталап елді мекенінің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабымен (Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды", деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.