- Бүгінгі ұшырылым өте маңызды, өйткені кеме бортинженері Сергей Владимирович біздің жерлесіміз, Байқоңыр қаласының тумасы. Сондай-ақ, ғарыш кемесінің ұшырылған күні НАСА астронавты Кэтлин Рубинстің туған күніне сәйкес келіп отыр. Мен оларға мықты денсаулық, сәттілік және қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауды тілеймін, деді облыс әкімі.
Айта кетейік, "СоюзМС-17" ғарыш кемесін ғарышкер Сергей Рыжиков, ғарышкер-сынақшы Сергей Куд-Сверчков пен НАСА астронавты Кэтлин Кэйт басқарады.
Ғарыш зымыранын ұшыру сәтінен кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен бірақатар мәселелер жөнінде сөйлесті.