Медицина • 14 Қазан, 2020

МСҚ: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қыркүйек айында 2,5 млрд теңгеге жуық жарна түскен

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 2020 жылдың қыркүйек айында медициналық сақтандыру үшін 2,5 млрд теңгеге жуық жарна аударылған. Олардың қомақты бөлігі – 1,5 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары, ал 955 млн теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарналар, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

МСҚ: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қыркүйек айында 2,5 млрд теңгеге жуық жарна түскен

Сондай-ақ, 2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша, МӘМС үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) негізінде түскен жарна 27,3 млн теңгені құрайды. Бірыңғай жиынтық төлем жасау   – әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға құқық береді.  

Елордалық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 қыркүйегі аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін аударған жарналарының жалпы сомасы 49,9 млрд теңгені құрайды.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Сондықтан азаматтарды мобильді қосымшаларда өз деректерін тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қордың елордалық филиалына хабарлауға шақырамыз. Сондай-ақ, 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы байланысуға болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы Android смартфондары үшін  Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеледі.

Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға жіберіледі.