Оқиға • 15 Қазан, 2020

Сауда үйінде өрт болды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік Төтенше жағдай департаментінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыс орталығындағы «Арай» сауда үйіндегі болған өрт бойынша баспасөз брифингі өткізілді.

Сауда үйінде өрт болды

Департамент бастығы Ернұр Өтегенов өртке алдымен екінші дәрежелі қауіптілік деңгейі бе­ріліп, кейін үшінші деңгейге ауыс­тырылғанын мәлім етті. Бұ­ған өрттің кеш анықталғаны себеп болған.

– Сауда үйіндегі өрт туралы хабарлама ТЖД-ның бірыңғай диспетчерлік қызметінің пуль­тіне 11 қазанда түнгі сағат 01.00-де ке­ліп түскен. Өрттің жалпы ауда­ны 1 500 шаршы метрді құрап, ғимараттың бірінші және екін­ші қа­баттарында орын алды. Сауда үйі ғи­маратының жалпы ауданы – 7 273 шаршы метр, сау­да алаңдарының аумағы – 3 929,4 шаршы метр, – деді Е.Өтегенов.

Өрт кезінде бутиктер, кеңсе бөлмелері мен шатыр жанған. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №3 және №4 өрт сөндіру бөлімдерінің  күштерімен өрт  сағат 04.55-те сөндірілді.

Оқиға орнында облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 63 қыз­­­мет­кері мен 12  техника жұ­мыс іс­теді. Оларға «Павло­дар-Во­до­ка­нал» ЖШС тарапы­нан қала­ның ком­муналдық қызметтері жәрдемдесті.

Полиция бөлімінің қызмет­керлері қоғамдық тәртіп­ті сақтау үшін кезекшілікті ұйым­дас­тыр­ды. Қазіргі уақытта өрттің се­бе­бін анықтау бойынша жұ­мыс­ жүргізілуде.

 

Павлодар