Қоғам • 15 Қазан, 2020

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

952 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты, жексенбі күні, 18 қазанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

"Дүйсенбі күннен бастап, 19 қазанда автобустар қайтадан қалыпты режимде қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.