Әлем • 15 Қазан, 2020

Францияда коменданттық сағат енгізіледі

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі бірнеше қалада COVID-19 өршуіне байланысты коменданттық сағат жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

Францияда коменданттық сағат енгізіледі

Коменданттық сағат сенбі сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін енгізіледі. Бұл режим төрт апта бойы сақталады.  

Коменданттық сағат Иль-де-Франс, Лилль, Гренобль, Лион, Марсель, Руан, Сент-Этьен, Монпель, Тулуза аймақтарында енгізілді. 

Қазіргі таңда елдегі эпидахуал нашарлаған. Коронавирус жұқтырғандар саны 820 376-дан асса, індеттен 33 мыңнан аса адам құрбан болды.