14 Қараша, 2013

Қауымдастық комитетінің отырысына қатысты

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Азия сайлау органдарының қауымдастығы Атқару комитетінің отырысына қатысты (АСОҚ).

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Азия сайлау органдарының қауымдастығы Атқару комитетінің отырысына қатысты (АСОҚ).

АСОҚ халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады. Ол 1998 жылы құрылды және қазіргі кезде Азияның 17 мемлекетінің орталық сайлау органдарын біріктіреді.

Қауымдастықты құрудың негізгі мақсаттары Азия өңірінде демократияны қолдау мақсатында ашық және айқын сайлау өткізу үшін әдістерді талқылау және ойлап табу, сондай-ақ, сайлау органдары арасында ақпарат алмасу үшін саяси бейтарап алаңын құру болды.

2011 жылғы қарашада АСОҚ Бас ассамблеясының отырысын­да Қазақстан Республикасы Ор­та­лық сайлау комиссиясы оның бас­қарушы органы – Атқару коми­тетінің мүшесі болып сайланды.

АСОҚ Жарғысының 3.7-бабына сәйкес Атқару комитетінің отырыстары жыл сайын өткізіледі. Осы жылы АСОҚ Хатшылығы мен Филиппин сайлау комиссиясы ұйымдастырған отырыс Боракай аралында өтті.

Атқару комитетінің отырысында АСОҚ Атқарушы хатшысының лауазымы бекітілді, Өзбекстан мен Мальдив аралдары орталық сайлау органдарының АСОҚ-қа кіру туралы өтініштері қаралды, қаржылық есебі бекітілді, Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының (ДСОҚ) құрылтай отырысының нәтижелері туралы есеп тыңдалып, АСОҚ пен ДСОҚ арасында екіжақты байланыстар орнату бойынша жос­парлар талқыланды, сондай-ақ АСОҚ Бас ассамблеясының отырысын 2014 жылы өткізу орны туралы шешім қабылданды.

Қ.Тұрғанқұлов Оңтүстік Корея, Үндістан, Филиппин және Тайвань орталық сайлау органдары делегацияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, Филиппин сайлау жүйесімен және сайлау органдарының құрылымымен танысты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар