"Команданың чемпионатқа дайындығы үшін барлық жағдай жасалды. Қыздардың жиындары өте жоғары деңгейде болды және бұл біздің басшылықтың зор еңбегі. Жалғыз кемшілігі – жолдастық ойындардың болмауы. Жасыратыны жоқ, алғашқы бақылау матчын біз ресми кездесу басталардан үш күн бұрын өткіздік. Мұның себебі түсінікті, барлық мемлекеттік мектептерде короновирус пандемиясына байланысты сабақтарға тыйым салынды. Дегенмен, қыздар берілмеді және турнир кестесінде екінші орынды иелену, бұл турнирдің финалында қол жеткізу керек минимум көрсеткіш екенін бәрі жақсы түсінді. Жаттықтырушылар штабына зор алғысымды білдіргім келеді, олар дайындық пен ұйымдастыру мәселелерін өздеріне алды", - деді №8 ОРМБЖМ әйелдер командасының бас бапкері Илья Меланич.
Естеріңізге сала кетейік, № 8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшыларынан құралған әйелдер құрамасы былтырғы жылы да Қазақстан чемпионатында үшінші орынға тұрақтаған болатын.