Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Түркістанда 630 орындық аурухана салынып жатыр

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында 630 орынға лайықталған көпсалалы облыстық аурухананың қабырғасы қалануда, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда 630 орындық аурухана салынып жатыр

Медициналық орталықтың жалпы көлемі  156 мың шаршы метрден асады. Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Заманауи аурухана толықтай іске қосылса, 1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады. Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, ғимаратта жүрек-қан тамырлары реанимациясы, Коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады.

Одан өзге, жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері, 34 жалпы дәрігерлік амбулатория тұрғындар үшін қызмет көрсететін болады.

Көпсалалы облыстық аурухананың құрылыс жұмыстарын "KAZPACO" компаниясы жүргізуде. Ол үшін мердігер мекеме 1000-ға жуық жұмысшы жұмылдырған. Құрылыс екі ауысымда жүргізілуде.