Қоғам • 16 Қазан, 2020

«5-10-20» бағдарламасы: Қанатқақты жобаның үшінші кезеңі басталды

574 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында «Шаңырақ» қанатқақты жобасы әзірленгені белгілі. Жоба операторы – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

«5-10-20» бағдарламасы: Қанатқақты жобаның үшінші кезеңі басталды

 

2020 жылғы 14 қазаннан бастап баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда, әкімдіктер ке­зе­гіне тұрған Қазақстан Рес­пуб­­ликасының азаматтарынан өті­ніш қабылдаудың үшінші кезеңі басталады. Яғни енді жо­баға 2016-2017 жылдар ара­лы­ғын­да әкімдік кезегіне тұрған аза­мат­тар да қатыса алады.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отба­сы­­ның әр мүшесіне келетін отба­­сылық табыстың бір айлық кө­ле­мі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуі­рінен бастап күнкөріс мини­­мумы – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қыз­меттен түсетін кірістің (зей­нет­ақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да мін­дет­ті аударымдарды есептеме­ген­де) болуы талап етіледі. Яғни 2020 жылы отбасының әр мүше­сіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Бағдарламаның бірінші ке­зеңін­де 19 140 өтініш қабыл­дан­ды, оның 6 690-ы кезекке тұру мерзіміне (1986-2010 жылдар) сай келді. Нәтижесінде, жалпы көлемі 6 млрд-тан астам тең­геге 470 несиелік өтініш мақұл­дан­ды.

Бағдарламаның екінші ке­зеңін­де 18 770 өтініш қабыл­дан­ды, оның 14 061-і кезекке тұ­ру мерзіміне (2011-2015 жыл­дар) сай келді. Нәтижесінде, жалпы көлемі 14 млрд-тан астам теңгеге 1 031 несиелік өтініш ма­құл­данды.

­Екі кезеңді қоса алғанда 37 910 өтініш қабылданып, оның 20 751-і кезекке тұру уақытына (1986-2015 жылдар) сай келді. Нәтижесінде, жалпы көлемі 20 млрд 300 млн теңгеге жуық қара­жатқа 1500 несиелік өтініш ма­құлданды.

«Шаңырақ» қанатқақты жобасын жүзеге асыру үшін Ұлт­тық банктің еншілес ұйы­мы­ның қаражатынан 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жос­пар­ланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­­кіне түсті. Осы бюджетке сәй­кес еліміздің шамамен 7-8 мың­дай отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңіл­детілген займды алу үшін бағдарлама қатысушылары әкім­дік кезегінде тұрулары қа­жет. Сондай-ақ Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкіндегі шоттарына займ мөлшерінің 10 па­­йызынан кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде жинауы қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін.

Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа салын­ған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бо­йынша жергілікті әкімдіктер са­лып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер (сондай-ақ «Тұрғын үй құрылысына ке­піл­дік беру қоры» АҚ кепілдігі бар).

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады. Әкім­дік­тер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бо­йынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: Алматы қаласында – 240 мың теңгеге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында – 220 мың теңгеге дейін, Шымкент қала­сы мен Алматы маңындағы аймақтарда – 200 мың теңгеге дейін, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қала­ла­ры мен Қарағанды облысында – 180 мың теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін. Пәтерлер жеке құрылыс ком­пания­лары соққан үйлерден сатып алын­ған жағдайда ең жо­ға­ры займ сомасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында – 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қа­ла­лары мен Қарағанды облы­сы­н­да 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңге­ге дейінгі баға ұсынылған. Әкім­дік кезегінде тұрған азаматтар бағ­дарламаға қатысу туралы және төлемге қабілеттігін бағалау жө­нін­­дегі өтініштерін тек
www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты. Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 14 қазан – 13 қараша аралығында жүргізіледі. Әкімдік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұр­ға­ныңызды egov.kz сайты ар­қылы немесе жергілікті атқа­ру­шы билік органдарынан білуге болады.

Бағдарламаға қатысу үшін жасалатын 6 қадам:

1-қадам: www.hcsbk.kz банк сайтындағы «Қолжетімді тұрғын үй/«Шаңырақ» пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру;

2-қадам: Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қы­з­меткерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беру. Ол несие­лендіру шарттары мен бағдарлама талаптарын жіті түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады;

3-қадам: Төлем қабілет­ті­лігіңізді бағалау үшін құ­жат­тарыңызды алып, банк бөлім­ше­сі­не белгіленген уақытта келу;

4-қадам: Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алу;

5-қадам: Банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу (сондай-ақ «Тұр­ғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепіл­ді­гі бар), сату-сатып алу немесе үл­ес­­тік қатысу келісімдерін жа­сау;

6-қадам: Банктен займ алу!

Займды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10%-ынан кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек.