Руханият • 16 Қазан, 2020

Қоғам тыныштығын қорғағандар

407 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Адам өмірі мен қоғам мүлкін қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою, қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтау қызметі – мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі басым бағыттың бірі. Қауырт қызметтің қарқынды қимылы қоғам мен халықтың игілігі үшін екендігі сөзсіз.

Қоғам тыныштығын қорғағандар

 

Сыр өңірінде осы қызметтің нег­ізін алғаш қалағандар тұтанған өрт­ті ат арбамен су тасып, сөндір­ген екен. Кейін азаматтық қорғау штабы, бөлімдер құрылып, елдің түк­пір-түкпірінде өрт сөндіру қыз­меті жандана бастады.

1921 жылы Арал ауданында об­лыстағы тұңғыш өрт сөндіру бөлімі құрылды. Бес жылдан кейін Қызылорда қаласында алғашқы өрт сөндіру командасы пайда болды. 1964 жылы Тереңөзек ауданында кәсіптік өрт бөлімі ашылып, онда 10 адам қызмет етіпті. Жетпісінші жылдар басында Қызылорда қала­сында өрттен қорғау инс­пекциясы жасақталды. 1981 жылы өрттен қорғау бөлімі ішкі істер басқармасы қарамағына беріліп, алғашқы екі бөлім әс­керилендірілді. Ал осыдан 15 жыл бұрын Қызылорда облыс­тық мемлекеттік өртке қар­сы қыз­метінің басқармасы об­лыс­тық төтенше жағдайлар сала­сындағы мемлекеттік бақылау және қада­ғалау басқармасы болып құ­рыл­ды. Арада 3 жыл өткенде қыз­мет аясын кеңейте түскен құрылым төтенше жағдайлар департаменті аталды. Қазіргі таңда департамент ғимаратында сала тарихынан сыр шертетін музей бар.

– Тарих демекші, осы қыз­меттің негізі қаланған уақыт­тан бері Кен­жебай Жақыпов, Арғын Әшір­беков, Арман Төлеубаев пен Қазбек Төреманов сынды 4 маманымыз қызмет барысында қаза тапты. Бү­гінгі таңда бірқатар көше олар­дың есімдерімен аталып, ескерт­кіш тақталары бой көтерді, музейден орын берілді. Сонымен бірге Ауған соғысына қатысқан жауынгер қызметкерлеріміз бен ардагерлерімізге арналған бұрышта құнды жәдігерлер сақталған, – дейді Қызылорда облысы Төтенше жағ­дайлар департаментінің бастығы, азамат­тық қорғау полковнигі Бағ­дат Данилов.

Жалпы құрылымда 900-ге тарта маман еңбек етуде. Бүгінге дейін қоғам қауіпсіздігін күзет­кендер арасынан Елбасы 12 өрт сөндіруші мен құтқарушыға «Айбын» және «Ерлігі үшін» медальдарын табыс етті. 50-ден астам маман мемлекеттік наградалардың иегерлері болды.

Қыс пен көктемде арнасы таситын дария бойы – ұдайы мамандар бақылауында. Қазір өзен бойында 56 су басу аймағы анықталып, шамамен 174 мың тұрғыны бар 36 мың үйге 411 арнайы техникасы мен 1269 адамы бар 126 мекеме бекітілген. Мұз жару жұмыстарына маман­дандырылған мекемемен келісім жасалып, 84 жинақтау және 101 қабылдау эвакуациялық пункт дайындалды.

Департамент бастығының айтуынша, осы жылы Жаңақорған ауданында Бірлік елді мекенін көктемгі тасқын судан қорғау үшін 3,5 шақырым болатын «Бірлік» тау арнасын тазалау және күшейту, түзету жұ­мыстары аяқталып, «Шұ­қырой» көліндегі бұрыннан бар 2 гидротехникалық құрылғы күр­­делі жөндеуден өтіп, «Құттықожа», «Жі­герлім» тау арнасы, Арал ауданы Құмбазар елді мекеніндегі «Кеңесарық» каналының ұлтаны тазаланды. Райым ауылдық округі, Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің «Жүсіпәлі иіні» учаскесіндегі оң жағалау қорғаныс бөгеті таспен бекітілді.

Жыл басынан 532 объектінің өрт қауіпсіздігі жағдайы тексеріл­ді. Тексеру кезінде 1076 тармақты құ­райтын өрт қауіпсіздігі талапта­рының бұзушылығы анықталып, талапты бұзған 386 жеке және заң­ды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 2 млн 056 мың 312,5 тең­ге айыппұл салынды.

Жоспардан тыс  бақылау бағы­тында тексеру жұмыстарының қо­рытындысымен нұсқама талап­тарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-тармағына сай 25 хат­тама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданған. Оның 20-сы қа­­нағаттандырылып, 7 млн 361 мың 690 теңге айыппұл салынды. Жүр­гізілген профилактикалық жұмысқа қарамастан осы жылдың 9 айында облыста 409 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза болып, 8 адам жарақат алды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде 22 өрт сөндіру бекеті жасақталып отыр.

Бағдат Жұмаұлы құтқарушы­лар жұмысында кинология қыз­метінің орны ерекше екенін айтып отыр. Облыстағы Өрт сөн­діру және ава­риялық-құтқару жұмыс­тары қыз­метінің жедел-құтқару жасағы мамандары 5 жылда құтқарушы иттер көмегімен 50-ден астам адамды құтқарды. Бір қара­ғанда оңай көрінетін кинолог қызметінің қиын тұстары жетер­лік. Мысалы, итті ізбен жүруге үйретуге шамамен бір немесе бір жарым жыл жаттығу қажет. Жа­сақта бұл жұмыспен бас құт­қарушы-кинологтар Ержан Ис­майылов пен Қайрат Пірімжанов айналысады.

Азаматтық қорғаудың салалы бөлігі – халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын су­ға түсу мау­сы­мында бұл ба­ғыт­тағы жұмыс жан­дана түседі. Ке­шенді түрде үгіт­теу-түсіндіру жұ­мыс­тары жүр­гізілгеніне қара­мастан, осы жылдың 9 айында облыстың су айдындарында 21 қайғылы оқиға тіркеліп, 23 адам қаза болған, оның 7-еуі – бала. Әрине, жақынынан айырылу кімге де оңай емес. Алайда биыл суға кету оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 17,8%-ға азайып отыр.

Ел Президенті Қасым-Жо­март Тоқаевтың бастамасымен Волон­­тер­лер жылы деп белгі­лен­­ген биылғы жыл бедерінде депар­таменттің Дағдарыс орталығында «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры және Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу өткізіліп, ынтымақтастық туралы меморандумға және «123 шақыру» жаңа жобасын бірлесе іске асыруға қол қойылды.

Қызметкерлердің кәсіби білік­ті­лікпен қатар, құқықтық сауат­тылығын арттыру бағытында да бағ­дарлы жұмыстар жасалуда. 2020 жылдың 9 айында 21 маман біліктілігін арттырып, 68 өрт сөндіруші қайта даярлаудан­ өт­ті. Қазір жыл сайын 10-ға жуық мек­теп түлектерінің білім мен дене дайындығы сарапталып, Көк­шетау техникалық институтына оқуға жолдама беріледі. Кәсіби ма­ман даярлау мақсатында 2014 жыл­дан бастап Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің тө­тенше жағдайлар саласындағы жоғары оқу орындарына мектеп бітірушілерді жіберу жолға қойылған. Осы күнге дейін сырт мемлекеттен 11 жас жоғары оқу орнын тәмамдап, өңірдегі құтқару құрылымына қызметке келді.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдар­ла­масына сәйкес, өңір­де күре жолдағы жол-көлік оқи­ғалары мен қайғылы жағдай­ларда жедел ден қою мақсатында 2013-2014 жылы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» трас­сасының бойынан 3 меди­ци­налық құтқару пункті ашылды. Бүгінде Бәйгеқұм ауы­лының жа­нынан «Шиелі», Иір­көл елді мекенінің тұсынан «Жосалы», Әй­теке би елді мекені­нен «Әйтеке би» трассалық медици­налық құтқару пункттері жұмыс жасап, оң нәтиже беруде. Трассалық медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы 2020 жылдың 9 айында 105 рет оқиға орнына жедел жетіп, 137 адамға кө­мек көрсеткен, 41 жолаушыны қа­жетт­і мекенжайға жеткі­зіп, 34-ін ауруханаға жатқыз­ған.­ Алдағы уақыт­та да осындай­ пункт­терді Қызылорда мен Жез­қаз­ған қала­лары арасындағы «Қыз­дың шұба­ры» тас жолында, Арал ауда­нын­дағы Қамыстыбас елді меке­нінде, Жаңақорған ауданындағы Бірлік пен Манап ауылдары ортасынан ашу қажеттілігі туындауда.

Қоғамда құтқару қызметінің алар орны ерекше. Өмірі қыл үс­тінде тұрған әрбір адамның өмі­ріне араша болып, мемлекет пен қоғамның меншігін сақтап қалу үшін үлкен жүрек пен тындырым­ды іс-қимыл, кәсіби біліктілік, прак­тикалық дайындық аса қажет. Мұны осы саладағы әрбір өрт сөн­діруші мен құтқарушы, медицина мамандары жақсы түсінеді. Өмірін қатерге тігіп, қоғам қауіп­сіздігін кү­зеткен сала өкілдері қан­дай құр­метке де лайық.

 

ҚЫЗЫЛОРДА