Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Шымкентте құдық түбінен кілемге оралған әйелдің мәйіті табылды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте белгісіз әйелдің денесі бірнеше жыл бойы құдық түбінде жатқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте құдық түбінен кілемге оралған әйелдің мәйіті табылды

Мәйіт қаланың бір ауданынан табылды. Қаңқа кілемге оралып, скотчпен бекітілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел шамамен 30 жаста, бойы 150 сантиметрден сәл асқан, ал оның үстінде жаздық киім болғанына қарап, оның жаз мезгілінде қайтыс болғанын шамалауға болады.

Шымкент қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Бейсенов Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.

Мәйіттің жеке басын анықтау және қылмысты ашу бойынша барлық шаралар қолданылады. Полиция қызметкерлері жоғалған адам туралы ақпарат жинап, тергеу жүргізіп жатыр.