Руханият • 16 Қазан, 2020

Аида Балаева "Қызыл қар" романының тұсаукесеріне қатысты

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 16 қазанда, Алматы қаласында белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» атты романының тұсаукесері өтті.

Аида Балаева "Қызыл қар" романының тұсаукесеріне қатысты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен "Достық үйінде" өткен алқалы жиынға "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет,  Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли,  «Қызыл қар» романының авторы Жұмабай Шаштайұлы, әдебиеттанушы ғалым, профессор Айгүл Ысімақова, бірқатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен Дулат Исабеков, Смағұл Елубай сынды белгілі жазушылар, ғалымдар және басқа да шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысты. 

Басқосуды кіріспе сөзбен ашқан Аида Ғалымқызы кезінде "репрессияға ұшыраған" кітаптың тәуелсіздіктің арқасында оқырманымен қайта қауышуы маңызды жаңалық екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, министр, өмірінде де, көркем әдебиетте де Жұмабай Шаштайұлы шынайы позицияны ұстанатын азамат, сонымен бірге ел журналистикасының дамуына өз үлесін қосқан журналист екендігін атап өтті.

«Қызыл қар» атты дебюттік шығармасы сонау Кеңес дәуірі кезеңінде жазылып, сол тұстағы жоғары сындылардың сынына іліккенін білеміз», - деді Аида Балаева.

Отыз жылдан кейін оқырманымен қауышқан кітаптың тұсаукесерінде Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы Смағұл Елубай, әдебиеттанушы ғалым Айгүл Ісімақовалар сөз алып, жазушы Жұмабай Шаштайұлының шығармашылығы туралы шынайы толғады.

«Қызыл қар» романы жуық арада кітапханалар мен кітап дүкендеріне жеткізілетін болады.

 

 

АЛМАТЫ