Елорда • 16 Қазан, 2020

Демалыс күндері елордада аймақ кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері "Магнум" сауда желісі мен аймақ кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері елордада аймақ кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

17-18 және 24-25 қазан күндері "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

Жәрмеңкеге "Магнум" ірі сауда желісі және жемістер мен көкөністерді көтерме жеткізушілер қатысады.

Жылқы еті 1900 теңгеден (қазы, жая килограммы 2100 теңгеден) және сүт өнімдерін Қарағанды ​​мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары әкеледі. Күркетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары, сиыр етін килограмы 1700 теңгеден - "Мясной Союз" жеткізеді.

Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өндірушілері тұтынушыларға бірінші және ең жоғары сұрыпты ұн, рапс және күнбағыс майын ұсынады. Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары әкеледі. Көкөніс өнімдерін - қырыққабат, сәбіз, қызылша, пиязды Ақмола облысының өндірушілері сататын болады.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өңірлерден азық-түлік өнімдерін делдалдарсыз, тікелей өндірушілерден алады, дейді ұйымдастырушылар.

Келушілер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.