Аймақтар • 16 Қазан, 2020

9 мың теңге пара алған түркістандық судьяға сот үкім шығарды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында тоғыз мың теңге көлемінде пара алған судья сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

9 мың теңге пара алған түркістандық судьяға сот үкім шығарды

Сот үкімі 14 қазанда шығарылған.

"Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәрсембаев үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол әкімшілік хаттаманы толтыру кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша қаулы шығармағаны үшін Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторынан тоғыз мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", делінген хабарламада.