"2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша дәрігер кадрларынан 5 201 адам тапшы, ең көбі Қостанай облысында жетіспейді - 624 штаттық бірлік. Жас мамандарды өңірлерге бөлгеннен кейін бұл мәселеде оң динамика байқалады: 10 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада кадр тапшылығы 1079 бірлікке азайды", деді Төсекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 4 122 дәрігер жетіспейді. Елдегі орта медициналық персонал бойынша тапшылық - 8 583.
Мына мамандықтарда дәрігерлер өте аз және жетіспейді:
- анестезиолог-реаниматологтар - 393 штаттық бірлік;
- терапевтер - 346,75 штаттық бірлік;
- ЖПД - 319,5 штаттық бірлік;
- дәрігер-зертханашылар - 226 штаттық бірлік;
- психиатрлар - 213 штаттық бірлік;
- акушер-гинекологтар - 203,5 штаттық бірлік;
- педиатрлар - 202,75 штаттық бірлік;
- инфекционистер - 121,5 штаттық бірлік;
- эпидемиологтар -102,5 штаттық бірлік;
- неонатологтар - 85,25 штаттық бірлік.