Қазақстан • 17 Қазан, 2020

Балаларды тұрғылықты жері бойынша қалай тіркеуге болады?

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тұрақты негізде Egov.kz порталы арқылы электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді дәріптеуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Балаларды тұрғылықты жері бойынша қалай тіркеуге болады?

Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында өзекті қызметтердің бірі балаларды тұрғылықты жеріне байланысты тіркеу болып табылады. Аталған қызметті қалай алуға болатыны туралы Департаменттің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Қанат Айтымов толық ақпарат берді.

Оның айтуынша, ең алдымен баланың әке-шешесінің бірі электрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік смс-құпия сөз арқылы Egov.kz порталында авторизациядан өтуі керек.

Әрі қарай басты бетте "Азаматтық, миграция және иммиграция" қызметін таңдау қажет. Бұл жерде қызмет алушы "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" бөліміне өтуі қажет.

Бұдан әрі түрлі қызмет түрлері ұсынылады, ал олардың ішінен "16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметі таңдалынады. Одан кейін "Онлайн сұрау" қызметін таңдап, өтінішті толтырып, оған электрондық-цифрлық қолдаңбаның көмегімен немесе смс-құпия сөз арқылы қол қою керек.

"Бұл ретте, смс-құпия сөз арқылы өтінімге қол қою үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болу қажеттігін ескеру керек. Егер сізде мұндай тіркеу болмаса, сізге операторға бейнебайланыс арқылы хабарласу қызметі ұсынылады, яғни оператор онлайн режімде тіркеуден өтуге көмектеседі", деп мәлімдеді Қ.Айтымов.

Соңында жеке кабинетте өтінімнің қаралуы туралы хабарламамен танысуға болады. Сонымен қатар маманның айтуы бойынша, егер қызмет алушы тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаған жағдайда, баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін тұрғын үй иесінен ЭЦҚ-мен расталған келісімді алу қажет. Сонымен қатар, егер бірнеше тұрғын үй иелері болса, олардың әрқайсысының келісімін алу қажет.