Білім • 17 Қазан, 2020

Шымкентте тағы бір университет негізгі лицензиясынан айырылды

1054 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын – академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бас лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте тағы бір университет негізгі лицензиясынан айырылды

Шешім жоғары оқу орнында білім саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткен тексеруден кейін қабылданды. Сонымен қатар бұл шешім Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты отырысының қорытындысы бойынша шығарылды, 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы.

Орын алған бұзушылықтар оқу үдерісін ұйымдастыру, талапкерлерді оқуға қабылдау, жоо-ны оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру төңірегінде болды.

Студенттер оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа ЖОО-ларға ауыса алатынын айта кеткен жөн. Студенттердің барлық оқу көрсеткіштері басқа жоо-ларға ауысқан кезде жарамды болады. Ақылы негізде оқитындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады. БҒМ өз тарапынан көмектеседі.

"Біз студенттер мен ата-аналардың мұндай шаралар, ең алдымен, студенттердің өздерінің мүдделерін ескере отырып, қабылданатынын түсінгенін қалаймыз. Егер жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, диплом алғаннан кейін болашақ мамандар жұмысқа орналасу проблемаларына тап болуы мүмкін", дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.