Қазақстан • 17 Қазан, 2020

Шетелден ұшып келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға ұшақпен келген 276 жолаушы ПТР анықтамасы болмағандықтан карантинге жатқызылды. Бұл туралы ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Садуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шетелден ұшып келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

"Осы жылдың 17 қазан күні түнде 16 әуе рейсімен келген 1 527 жолаушының 1 251-і анықтамамен, 276-сы анықтамасыз жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 656 жолаушының 528-інде анықтама болды, 128-інде анықтама болмады. Алматы қаласына 9 рейспен келген 764 жолаушының 622-сінде анықтама болса, 142-сінде анықтама жоқ болып шықты. Ал Ақтауға 1 рейспен 107 жолаушы келді. Жолаушылардың 101-інде анықтама бар, алтауында жоқ", деді ол.

Оның дерегінше, ұшып келген Қазақстан азаматтарының 82 пайызы ПТР анықтамамен сапарға шыққан.

"COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары ПТР тест тапсыру үшін екі күндік карантинге орналастырылды", деді Садуақас Байғабылов.