ҰҚК Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысының "Қарасу" шекара бекетінінен өтпек болғандар 15 қазан күні әрекет еткен.
"Mercedes-Benz шекара нарядының салонынан Қырғыз Республикасының алты азаматы табылды. Олар паспорттық бақылаудан қашып, шекарадан тіркеусіз өтпек болған. Автокөліктің жүргізушісі мен Қырғызстанның алты азаматы ұсталды, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпек болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды", делінген хабарламада.