Аймақтар • 17 Қазан, 2020

Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп кетті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында тұрғын үй жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 қазан күні сағат 23:40 шамасында кезекші бөлімге Қостанай көшесіндегі тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Үйдің кіреберісі, дәлізі, екі бөлмесі, жиһаздар мен электр техникасы жанып кетті. Төбе жабынын қоса есептегенде жалпы ауданы 100 шаршы метр аумақ өртенді. Өрт 02 сағат 07 минутта сөндірілді. Сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 9 адамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", делінген ведомство хабарламасында.

Қазір ТЖД мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Оқиға орнында сынақ зертханасының қызметкерлері жұмыс істеуде. ТЖД облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.