Аймақтар • 18 Қазан, 2020

Үш есе қымбат бағаға веловипед сатып алмақ болған ұлттық парктің ісі әшкере болды

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі велосипедті көтеріңкі бағамен сатып алмақ болғаны анықталды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі ақпарат тараптқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Үш есе қымбат бағаға веловипед сатып алмақ болған ұлттық парктің ісі әшкере болды

Ведомствоның мәліметінше, бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау шеңберінде департамент қызметкерлері "Бірыңғай сатып алу терезесі" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді.

Талдау барысында сатып алу бағасының медиандық бағадан асып кету фактілері анықталды, олар бойынша тапсырыс берушілердің атына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жоспарлаған тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге оңтайлы бағаларды қайта қарау және белгілеу ұсыныстарымен тиісті хаттар жолданды.

"Степногор қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы "Степногорск-водоканал" кәсіпорны сумен жабдықтау үшін полиэтилен құбырының құнын төмендету жолымен 5 502 336 теңге үнемдеді. Оны сатып алу бастапқыда жалпы сомасы 28 800 000 теңгеден немесе бір данасы үшін 30 000 теңгеден жоспарланған болатын деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі велосипедті жалпы сомасы 1 936 407 теңгеге немесе біреуін 387 281 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Ал велосипедтің орташа нарықтық бағасы - 107 000 теңге.

"Департамент қызметкерлерінің ұсыныстарынан кейін ұйым мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Тауарды сатып алуға жоспарланған шығынның үнемделуі шамамен 972 120 теңгені құрады. Мониторингтің арқасында мекеме үнемделген бюджет қаражатына қосымша велосипед сатып алуды жоспарлап отыр", дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Нұртаз.