Қазақстан • 18 Қазан, 2020

Алматыда діни бірлестіктер көшбасшыларын Рухани келісім күнімен құттықтады

21 рет көрсетілді

Бүгін елімізде Рухани келісім күні аталып өтуде. Бұл мереке қала тұрғындарын ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісміді сақтуға және одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Орыс православтық шіркеуінің, Римдік-Католиктік шіркеуінің, Евангелшіл-христиан баптисттердің өкілдері және т.б. қатысты.

Кездесу барысында рухани келісім саласындағы өзара байланыс, толеранттылық пен дәстүрлі құндылықтар мәселесі, сондай-ақ деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен кері байланысты күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әлі қаупі сейлмеген пандемия кезіндегі халықтың ауызбіршілікте болуына жеке тоқталып өтті.

Өз кезегінде, Клуб мүшелері Рухани келісім күнінің ерекше маңыздылығын атап өте отырып, діни бірлестіктердің бұдан әрі жұмысына байланысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, Вознесендік кафедралдық собордың ключары Александр Суворов және Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының бас викарийі Беднарски Ян Богумил қатысушыларды мерекемен құттықтап, бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Шара барысында Ержан Бабақұмаров қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан Клубтың бірқатар мүшелеріне ұттықай отырып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыстады.

Соңғы жаңалықтар

UFC рейтингінде көш бастады

Спорт • Бүгін, 08:32

Жас ақын жанарындағы от

Оқиға • Бүгін, 08:06

Голливудта ән салған...

Руханият • Бүгін, 08:03

2 мыңға жуық көмек берілді

Қоғам • Бүгін, 07:50

Жабасақта еңбекқор жан көп

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Сырғи басқан сілеусін

Қоғам • Бүгін, 07:39

Ауылдарға интернет жетті

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Босаңсуға болмайды!

Коронавирус • Бүгін, 07:27

Антына адал сержант

Қоғам • Бүгін, 07:14

Жастар сайыста шыңдалады

Қоғам • Бүгін, 07:14

Оқушылар офлайн оқи ма?

Білім • Бүгін, 07:04

Сайыпқыран Сапура қыз

Қоғам • Бүгін, 07:01

Қазақ тазысы

Таным • Бүгін, 06:59

Бағы жанған «Ұлболсын»

Кино • Бүгін, 06:50

Ақылды қала қадамдары

Елорда • Бүгін, 06:38

Иіс иерархиясы

Руханият • Бүгін, 06:37

Ұқсас жаңалықтар