Өнер • 19 Қазан, 2020

Герника

1074 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Герника» – әйгілі суретші Пабло Пикассоның атақты кескін­демесі. Автор аталған туындыны 1937 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрменің Испания павильонына арнап, Испания Республикасы үкіметінің өтінішімен салған деседі. Суретке қарап тұрсаңыз ақ-қара түсті кескіндеменің астарында небір тағдырлар мен тарихи оқиғалар, суретшінің азаматтық көзқарасы, жазушының жаны, соғыс пен бей­бітшілік шарпысы ашық бейнеленген. Кубизм стилінде жа­зылған кескіндеменің тақырыбы осыдан сәл бұрын болған Гер­никаны бомбалау, сонымен қатар Испаниядағы Сәуір рево­люциясы (1931) мен Азамат соғысының (1936-1939) қасіретінен сыр шертеді.

Герника

 

Жалпы соғыс тақырыбын шығармашылық иелерінің еш­қайсысы айналып өтпеген. Мы­салды алыстан іздеп керегі жоқ, бұл тақырып төңірегінде қазақ қаламгерлері де, қылқалам шеберлері бар, сазгерлер қауымы болсын, кез келгені адамзаттың басына төнген ауыр сынаққа үн қатып, бейбітшілік пен ын­тымақты ту еткен туындыларын үзбей арнағаны бүгінде тұтас тарих.

Бұл тақырып бүгін тіпті өзекті болып отыр. Іргеміздегі соғыс өртінің жалыны біздің де жанымызды шарпып жатқанын жасырмауымыз керек.

Жә, суретке оралайық. Гер­никаның үстінен қарша бораған бомбаларға, олардың тозақ отындай қара түтіні бүкіл адамзатты үрей құшағына алады. Бұл қанды оқиғаға бүкіл әлеммен бірге Пабло Пикассо да жаны ауырып қарап тұрыпты. Испан ақыны және көрнекті қоғам қайраткері Рафаэль Альберти кейінірек: «Пикассо Герникаға ешқашан бармаған, бірақ қаланың қалай жойылғаны туралы хабар оған бұқа мүйізінің соққысындай әсер етті» деп еске алыпты. Гер­никаны бомбалаудағы қатыгездік тап-таза кенепке Пикассо қылқаламының алғашқы қара бояуы болып жағылады. Картина туралы мәліметтерге сүйенсек, «Гарника» бір айдың ішінде аяқ­талады. Алғашқы күндері Пи­кас­со 10-12 сағат жұмыс іс­теген деседі.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, Парижді басып алу кезінде Пабло Пикассоға неміс офицерлері келген. Суретшінің үстелінде Герникадан алынған репродукция (немесе Герниканың репродукциясы бар ашық хаттар) жатса керек. «Мұны сіз жасадыңыз ба?», деген неміс офицеріне Пи­кассо: «Жоқ», деп жауап беріпті. «Мұны сіз жасадыңыз!», депті қа­тулы жүзбен.

Кейіннен Пабло Пикассо өзі­нің туындысының тағдыры тура­лы айта келе: «Менің «Герникам» жайлы достарымнан да, жауларымнан да естімегенім жоқ» депті. Жалпы Пикассоның бұл туындысы туралы пікір көп. «Герника» – фашизм мен Фран­коға деген қорқынышты айыптау. Ол халықтарды, барлық ер­кек­тер мен әйелдерді күреске жұмылдырды және көтерді. Егер Пабло Пикассо өз өмірінде «Герникадан» басқа ешнәрсе жазбаса да біздің дәуірдің ең үздік суретшілерінің қатарында тұрар еді депті замандастары.

Соғыс салған суреттен қор­қынышты сурет жоқ. Ізгілік із­де­ген жүректер жараланбаса екен!.. Мынандай бір ән бар еді ғой: «Баласын ана, анасын бала, жоқ­­тамасын мәңгілік!».

Солай!..

 

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше