Технология • 19 Қазан, 2020

Ұтымды ұсыныс – ұтқыр интернет

417 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында өткен кезекті Үкімет сағаты «Білім беру, денсаулық сақтау, жұ­мыс­пен қамту саласындағы цифр­ландыру: жай-күйі, қолжетімділігі және қауіпсіздігі» тақырыбына арналды.

Ұтымды ұсыныс – ұтқыр интернет

 

5 331 елді мекенге интернет жеткізілмек

Сенаторлар цифрландыру­дың қазіргі жағдайы, интернет­пен қамтамасыз ету және аймақ­тардағы ақпараттық қауіпсіз­дік мәселелерін кеңінен талқылады. Алқалы жиынның басында сөз алған Сенат Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров індет жағ­дайында цифрландыруды дамытудағы кемшіліктерді ес­кере отырып, мемлекеттік орган­дардың жұмысындағы тәсілдерді қайта қарау қажет екенін алға тартты.

Вице-спикер қазіргі уақытта ADSL технологиясы бойынша 118 қала мен 4 558 ауылдық елді мекен интернетпен қамтамасыз етілгенін айтты. Оны әрі қарай дамыту бойынша жұмыс жүр­гізілуде. Бүгінде халықтың шамамен 40 пайызы ауылда тұрады. Байланыс операторлары қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жоюға бағытталған желілік құрылыс жобасын жүзеге асырып жатыр.

«Қазақстанда дербес дерек­тердің қауіпсіздігін қамтама­сыз ету сервисі әзірленуде. Бұл жеке деректердің пайдаланы­луын бақылауға мүмкіндік береді. Елімізде соңғы кезге дейін дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган болмағанын айту керек. Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау мәселелері­нің барлығы операторлардың қа­ра­уында болды. Бұл – адам құ­қықтарын қорғаумен тығыз бай­ланысты өте өзекті мәселе. Сондықтан оны тиісті мемлекеттік органдар жедел шешуге тиіс деп есептейміз», деді Н.Әбдіров.

Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Му­син баяндама жасап, интернетпен қам­тамасыз ету жұмыстары жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 5 331 елді мекенге интер­нет жеткізу жоспарлануда. Интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылып жатыр. Біріншісі – МЖӘ механизмі арқылы оптикалық интернетті тарту. Жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1 260 ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық желі тартылса, биыл 944 ауыл интернетке қосылады. Бұл жобаға 75 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді.

Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технология­сы бо­йын­ша мобильді интернет­пен қам­туды көздейді. Қазір оның 72-сі мобильді интернетке жал­ғанған.

«Интернеттің сапасы төмен болуының бірнеше негізгі себебі бар. Біріншіден, бізде интернет сапасы бойынша заңнамалық талаптар жоқ. Сондықтан байланыс саласының реттеушісі ретінде өзгеріс енгізу қажет. Екіншіден, телекоммуникация желісінің 90 пайызы радиорелелік желіде және әуе байланыс арналары бойынша салынған. Бұл дегеніміз кіші телеком операторлары өздеріне радиожиіліктер алып, оларды қызмет көрсету үшін пайдаланбауда. Радиожиілік ресурс­тарды тиімді қолдану маңызды екені түсінікті. Біз арнайы аудит жасап, пайдаланылмай келе жатқан жиіліктерді мемлекетке қайтарып алуды жоспарлаудамыз. Бірақ ол үшін тиісті стандарттар мен заңнамаға өзгерістер енгізу қажет», деді Б.Мусин.

Бұл ретте министр радио­жиі­­лік­терді бөлудің жаңа стан­дарт­тарын бекіту керек екенін, тұр­ғын үй кешендерін интернет­сіз пай­далануға беруге ­тыйым са­лы­натынын айтты. Ол ұялы бай­ланыс ұйымдарына бө­­­­лін­­­­ген радиожиіліктер үшін тө­лем­ақы­ның жыл­дық мөл­шер­лемесін 90 па­йызға қыс­қарту ар­қылы ауыл­дық елді мекендерде кең жо­лақ­ты ұтқыр байланыс желі­лерін салуға арналған қа­ражатты қайта инвес­тициялау мақ­сатында салық­тық пре­фе­рен­ция­лар беруді ұсынды.

Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерде сымды телефония қызметтері мен пошта қызметтері жыл сайын 8 млрд теңгеге субсидия алуда. Енді ведомство интернетті ауыл үйлеріне дейін жеткізу үшін телеком операторларын ынталандыру ретінде оптикалық байланыс және басқа технологиялар арқылы қосылған интернетті үйге жеткізуді суб­си­диялайды. Нәтижесінде ауыл тұрғындары қазіргі заманғы көр­се­тілетін қызметтерге қол жет­­кізуге мүмкіндік алады.

 

Цифрландыру ісі қайтсе ілгерілейді?

Интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін Bailanys bar сервисі іске қосылды. Кез кел­ген азамат смартфон арқылы интернет кемшіліктерін оңай жол­дай алады. Қазіргі уақытта тек­серу бо­йынша 50 мыңнан аса адам аталған сервисті пайда­ланды. Министрдің сөзіне қарағанда, мемлекеттік бақылау мақсатында байланыс сапасын мониторингілеу бойынша 17 жылжымалы өлшеу кешені сатып алынуда.

Сондай-ақ Б.Мусин мемле­кет­тік органдардағы цифрландыру кемшіліктерін атап өтті.

«Басқа министрліктермен бір­лесе экспресс талдау жасадық. Қазіргі кезде Денсаулық сақ­тау министрлігінде 50-ден аса ақпа­раттық жүйе бар. Біз олар­дың тек 24-ін ғана көрдік, қалған 28-і біз үшін белгісіз болды. Құ­­зыретті министрлік ретінде олар­­дың бар екенін білмедік. Мұн­­дай сұрақ неден туындады? Біріккен IT-архитектура то­лық­қанды жасалмаған, яғни ол жа­­салса да министрліктер соған сай жұмыс істемейді. Ведомство құ­рылымындағы ұйымдардың ішінде тиісті ақпараттық жүйе­лерді стандарттарға сәйкес жасамайды, салдарынан олар бізге көрінбейді. Сол себепті дәрігер­лер бірнеше жүйеде жұмыс іс­теуде. Әрине, бұл жағдай қызмет көрсету уақытын ұзартады. Сон­дықтан осы саладағы проблемаларды шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе бірыңғай архитектура әзірленуде. Осы саладағы басты мәселе – платформаны қажетті деңгейде қосу. Барлық ақпараттық жүйені біріктіріп, жобаны толыққанды іске қосу үшін Денсаулық сақтау министрімен тиісті келісім жа­сал-­­
ды. Бұл тұрғыда дәрілік зат­тар­­дың, төсек-орындардың, ден­сау­­лық паспорттарының дерек­қор­­лары құрылуда», деді министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарды цифрландыруда бір­қатар мәселе бар. Бірінші кезекте – IT-мамандардың әлсіз кадр­лары. Сонымен қатар маңызды мәселенің бірі – мемлекеттік қыз­меттердің үлесін автоматтандыру үшін жарысу. Барлық күш-жігер сапаға емес, санға бағытталды.

«Мемлекеттік органдарды цифр­ландыру проблемаларын жүйелі шешу үшін кадрлар мен біліктілік мәселесіне мән беру керек. 8 мемлекеттік органда цифр­ландыру бағытында дербес жа­уапты вице-министрлер бекітілді. Бірақ олармен жұмыс атқаратын 500-ден аса адамның орташа жа­лақысы 150 мың теңгені құрап отыр. Олардың деңгейін де көтеру керек. Сондықтан біз цифрлық құзырет орталығын ашамыз. Онда жүйелік талдау, процестердің реинжинирингі, деректерді бас­қару және басқа бағыттарда осы қызметкерлердің біліктілігін арттырамыз», деді Б.Мусин.

Министр індет кезінде білім беру мекемелері қашықтан оқы­тудың қиындықтарына тап бол­ғанын, бұл ретте цифрлық кон­тентті дамыту қажет екенін айтып, цифрлық оқулықтарға кө­шуді ұсынды. Бүгінгі таңда 13 білім беру платформасы әзір­леніп, бекітілді. Осылардың қай­сысы нарықта жақсы қызмет көрсетсе, сол платформа білім бе­ру саласындағы бір көпір болады.

Әлеуметтік қатынастар сала­сын цифрландыру аясында әлеу­меттік төлемдер үшін ID әмиян жасау; зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу; отбасының цифрлық картасы; әлеуметтік төлемдердің бірыңғай тізілімі; еңбек шарты, е-еңбек кітапшалары сияқты іс-шаралар пысықталып жатыр.

Маңызды тақырыпты талқы­лауға депутаттармен қатар Сенат­тың Жас сарапшылар клубы­ның мүшелері де қатысты. Олар цифр­ландыру жұмы­сына қатысты ой қосып, ұсы­ныстарымен бөлісті.

Үкімет сағатының қоры­тын­дысы бойынша ұсыныстар қабыл­данды. Бұл өз кезегінде мүдделі мемлекеттік органдарға жолданады, сондай-ақ заң жобаларын қарау барысында және комитеттің жұмысында ескеріледі.

Үкімет сағатын Әлеуметтік-мә­дени даму және ғылым коми­те­ті мен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіп­керлік комитеті және Халық­ара­­лық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйым­дас­тырды.