Өнер • 19 Қазан, 2020

Талантты тану – Қазақстанда Кастинг-директорлар қауымдастығы құрылады

351 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Көп жағдайда болашақ картинаның табысты болуы кастинг-директордың әбжілдігі мен талант тану қабілетіне тәуелді. Ендеше, киногерлердің басын қатырған бірінші әрі маңызды мәселе – актерлерді іздеу мен олардың таңдалуына жауапты мамандарға қатысты мәселені енді жаңа бірлестік шешетін болады. Қауымдастықты құруға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйытқы болып отыр. Бұл ұсыныс Kazakhcinemadays іскерлік алаңында өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Талантты тану – Қазақстанда Кастинг-директорлар қауымдастығы құрылады

 

«Кастинг-директор және жалпы кинодағы кастингтер, әлемдік кинода шешуші рөл атқарады. Берлин кинофестивалінде мен таңғалдым – олардың кастинг-директорлары үлкен әлемдік ұйымға біріккен және 5 жылға жақын уақыт бірге еңбек етуде. Олар бір-бірімен белсенді түрде серіктестік орнатады, әр ел әлемдік кастингте өздерінің алдыңғы қатардағы актерлерін ұсынуға құқылы. Біздің елі­мізде де өте талантты актер­ле­рі­мізге жұмыс беру үшін, олар­­ды халықаралық кино на­ры­ғына жылжытуға әсер етуі мүмкін Кастинг-директорлар ас­социациясының пайда болғанын қа­лаймын. Америка несімен күшті? Оларда осынша төлем қажет деп айтады және сен олармен саудаласа алмайсың. Мен біздің актерлеріміздің «екін­ші» болғанын қаламаймын, ке­рісінше біз де өз талаптарымызды қоя білуіміз қажет. Біз соған лайықтымыз. Біздің өзіндік ки­не­­матографиямыз бар және өзге­лердің бізді тиісті деңгейде қабылдауларына лайықпыз»,  деді «ҰКҚМО» КеАҚ басқарма төрағасы Гүлнара Сәрсенова.

Оның ойынша отандық кине­матографияның сауатты дамуы үшін актерлер мен кас­тинг-директорлардың қы­зы­ғу­шы­лықтарын қорғау өте қажет. Халықаралық дәреже­де іл­ге­рі­лету үшін біздің актерлер­дің белгілі бір мәртебесі болуы тиіс, бұл ең алдымен сұранысты, жо­ғары төлемдерді, беделдің болуын білдіреді.

Қазақ КСР еңбек сіңір­ген әртісі және танымал кас­тинг-директор Жанна Қуаны­ше­ва дөңгелек үстел қатысу­шы­ларының назарын кастинг-директорлардың жұмыс жағ­дайларына аударды. Оның пі­кірінше, бұл кәсіби емес адам­дар жұмыс ауқымын, жауап­кершілігін түсінбей жатып істей­тін ауыр еңбек. Нәтижесінде, түсіру алаңына дилетанттар шы­ғады, ал картинаның сапасы жайлы айтпаса да түсінікті. Ал өз жұмысын адал атқаратындар, шын мәнінде, тиын-тебенге жұ­мыс істеуге мәжбүр болады.

«Біз – режиссерлер мен про­дюсерлердің кеңесшілеріміз, сондықтан бізге үлкен жұмыс көлемі жүктелетінін бәрі біледі. Кастинг-директор деген кім? Бұл синопсисты алғашқы болып оқитын талдаушы. Екіншісі қою­шы режиссерге менталитеті мен рухы жағынан жақын адам. Кастинг-директор өзінен не талап етілетінін, қандай актерлер қандай рөлдерге сәйкес келетінін нақты түсінуі керек. Ол үшін жыл­дар бойы жиналатын кәсіби тә­жірибе керек. Жарайды, барлық позицияларға 40 орындаушы адам алынып, видеокастинг басталды делік, бұл дегеніміз, сізге актерге мәтінді үйретіп, ми­зансценаны ашып, оның бәрін өзіңіз түсіруіңіз қажет деген сөз. Әрі қарай – актерлерді бекіту. Режиссер сенің актерлерді қалай таныстыратыныңды, олар жайлы не айтатыныңды күтеді және осы процесске көп нәрсе бай­ланысты. Сосын келісімшарт­тармен, сол актерлердің жұмыс уақытымен проблемалар бас­талады. Ақырында, кастинг-ди­ректор түсіру алаңында рөл мә­тіндерімен жүгіріп жүріп, коуч секілді кезек-кезекпен актер­лерді оқытып жүреді. Маған сеніңіз, мұның бәрі өте аз ақша үшін жасалатын жұмыс. Бұл мәселелер шешілуі тиіс», – деді Ж.Қуанышева.

Әріптестерімен келісетін Мә­дина Әлімқан да аталған на­рықта кадрлық тазалауды жүр­­гізу қа­жет­­тілігін атап өтті. Актер­лер­мен және режиссерлермен тек тиіс­ті білімі бар, оны растай ала­тын мамандар жұмыс істеуі керек.

«Ең үлкен мәселе, кеше ғана крафтте жұмыс істеп жүрген, бірақ өздерін кастинг-директормыз деп атайтын мамандардың жұ­мысқа шақырылуы. Мен жүз рөлмен жұмыс істеймін, көпшілікті рөлдерге ба­ули­мын, себебі саған оның әр­қайсысымен жеке-жеке жұмыс істеу қажет. Ал түсіру алаңында жас қыздар жұмысқа келіп, арасынан таңдап ал дегендей, бір топ адамдарды алдыңа алып келеді. Мен ұзақ уақыт бойы екінші режиссер ретінде жұмыс атқарғанмын және кастинг-директор қандай болуы тиіс екендігін жақсы білемін. Оның режиссерлік білімі болуы тиіс, ол актерлік ансамбль дегеннің не екенін білуі тиіс, қандай адамды ұсыну қажет екендігін білуі керек, ал қазір көпшілігі тіпті типаждың не екендігін біл­мейді. Менің ұсынысым – кастинг-директор біліктілік арт­тыру сабақтарын өтуі керек. Он­сыз оларды тарифтеуге және жұ­мыс беруге болмай­ды», деп есептейді Мәдина Әлімқан.

Кастинг-директор Жайна Әбди өз тәжірибесіне сүйене оты­рып, бүгінгі кастинг өткізу кезінде қалыптасқан жағдайлар актер­л­ерге деген көзқарасқа әсер ететінін атап өтті. Оның ай­туынша кадрда жұмыс істеуге ынталы және дайын болуы керек адамның кадрға шықпай тұрып елемеушілікпен, гонорарлармен және жұмыс талаптарымен сағын сындырады.

Жайна Әбди кастинг-директор психолог болуы тиістігін алға тартады. Себебі белгілі, олар ба­лалармен, ересектермен, тіп­ті жануарлармен жұмыс істейді. Біздің елде актерлердің дә­режесі тым төмендетілген. Егер адам қаланың сыртында тұратын болса, оған біз сізді қалаға алып келмейміз деп айтуы мүмкін. Барлығына әрқашан үлкен күшпен қол жеткізуге тура келеді. Кейде бір рөлді белгілі актер ғана ойнай алатындай жағдай болады, ал маған сен өзің келіс бізде осынша ғана бюджет бар дейді. Хабарласып, өтінуге тура келеді. Тіпті кастинг-директорға тегін түрде көпшілікті жинауға мәжбүрлейтін, тегін түсуге ке­лісуге мәжбүрлейтін компания­лар бар. Гонорары 1000 дол­лар­лық актерден 50 мың теңге­ге ойнауын талап етеді. Тіпті түсіру алаңында ешбір қорғаныс құ­ралдарынсыз актерлерді трюк­тер жасауға мәжбүрлейтін жағ­дайлардың да бары шын.

Дөңгелек үстелдің қарарында оның қатысушылары жаңа қа­уым­дастық жүзеге асыруы тиіс бірнеше тармақтарды енгізді.

Бұл бірінші кезекте Қазақ­стан актерлері үшін олардың тәжірибесіне, біліміне, тілдерді білуіне және басқа да қасиеттеріне қарай тарификациялық кесте әзірлеу.

Екіншіден, актерлік маман­дыққа құрметпен қарамайтын режиссерлер мен продюсерлер үшін айыппұл санкцияларын қарастыру.

Сондай-ақ кастинг-директорлар үшін олардың тәжіри­бесіне, кейсіне және біліміне қарай тарификациялық кесте әзірлеу. Және кастинг-директорлар үшін нарыққа шын мәнінде қажетті мамандарды даярлайтын шеберлік-сыныптарын ұйымдастыру.

Қорыта келгенде, Кино орта­лығы барлық ұсыныстарды қол­дады және дөңгелек үстелге қаты­сушылардың «кастинг-дирек­тор – бұл көп дәрежеде бола­шақ фильм­нің сәттілігі байланысты болатын маман» деген пікірімен толықтай келісті.

 

АЛМАТЫ