Қоғам • 19 Қазан, 2020

Алимент жауапкершілігі жоғары

518 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бала жауапкершілігі – ата-ана мойнында. Алайда баланы өмір­ге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналар­дың ортақ бала үшін жасалар жағдайдан жалтаруы жан ауыр­тады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекі­тіл­ген али­ментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Ке­рі­сінше, ажырасқан отбасын әуре-сарсаңға салып ізде­­тіп, жұ­мыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әке­лер де көп кез­де­седі. 

Алимент жауапкершілігі жоғары

Алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалмауына борышкердің тұрақты кірісінің және өндіріліп алынуы мүмкін мүлкінің жоқ болуы, сондай-ақ жұмыс орын­дарының жетіспеушілігі әсер етеді.  Әсіресе ауылдық жер­лердегі борышкерлердің жаңа мекен-жайларын қалдырмай басқа өңірлерге уақытша тір­кеусіз жұмыс істеп немесе кәсіп іздеп кетуі көп кездеседі. Сонымен қа­тар азғындық өмір салтын жүр­­гізетін, тұрақты жұ­мыс­қа орна­ласқысы келмейтін, алко­гольді асы­ра пайдаланатын борышкер­лер де қарызды өндіру ісіне кедергі келтіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Атқарушылық іс жүргізу органдарының автомат­тандырылған ақпараттық жү­­­йе­­сінің мәліметіне сәй­кес Маңғыстау облысы бо­йын­­­ша аумақтық бөлім фи­лиал­­­дарының және жеке сот орындаушыларының өн­ді­рісінде орындауда алимент өн­діру туралы 9 270 атқару­шылық құ­жаты бар. Оның ішінде 5 576 ат­қарушылық құжаты мер­зімді орын­дауда, яғни борышкердің жала­қы­сынан өн­дірілуде. Сонымен қатар 3 012 атқарушылық құжаты бойынша борышкерлермен ерікті алимент тө­лемдері төленуде.

Алимент өндіру бойынша қиын­дық тудыратын  491 құжат бар. Оның ішінде 97 атқарушылық құжат бо­йынша борышкердің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болғандықтан сот орындаушысымен борыш­керге іздеу салынып, атқа­ру­шылық іс жүргізулер борыш­кердің орналасқан жері бел­гі­лі болған немесе оның мүлкі анық­талған кезге дейін тоқтатылып тұр.

Борышкерлерді заңға сай тәр­тіп­­тік жазаға ұсыну – өз мін­де­ті­нен жалтарғандарға ой салу­дың, бала-шағасы алдын­дағы парызын ұғын­дырудың бір жолы болмақ. Бұл тұрғыда Маң­ғыстау облысында 327 атқа­рушылық құжаты бойын­ша борыш­­керлер 3 айдан аса жинақ­талған қарыздар іші­на­ра өндірілуде және 69 ат­қа­­рушылық құжаттары бо­йын­ша 35 борышкерді әкім­шілік, 57 борышкерді қылмыс­тық жауап­кершілікке, 18 борыш­кер­дің жүргізуші куә­ліктеріне уақыт­­ша тоқтату туралы ұсыныс жол­данған болса, 50 борышкердің ел аума­ғынан шығуына шектеу қойыл­ған.

Өз отбасы алдында борыш­кер­лердің әлеуметтік жағдайы әр­­түрлі болатыны белгілі. Сон­дықтан алимент өндіруде олар­ға мүмкіндікке қарай қолдау да көр­сетіледі. Мысалы, өңірде жұ­мыссыз 491 борышкерге жұмысқа орналасу туралы хабарламамен жұмыспен қам­ту орталығына жі­беріліп, 16 борышкер жұмысқа ор­налас­тырылды. Сондай-ақ 385 ат­қа­рушылық құжат өндіріп алу­шылардың алимент өндіріп алудан бас тартуына байланысты қысқартылған.

Азаматтың өзі саналы түр­де уа­қытымен төлеп, бала тағды­рына қам­қор болмаған соң мәжбүрлі іске асы­ру бұл істе қиын­дық туындатады. Алайда әрбір азамат, әрбір бала мемлекет қолдауына ие, бала тағ­дыры жауапсыз қалмайды, сон­дықтан алимент төлеудің қиын­дықтарын жеңу, өтінім беру­шінің құқын қорғау – біз үшін басты міндет.

 

Айзат ТІЛЕНБАЕВ,

Маңғыстау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары

 

Маңғыстау облысы