Саясат • 19 Қазан, 2020

Жемқорлыққа қарсы бірігіп күреседі

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазсушар» кәсіпорнында жемқорлыққа қарсы күрес заңна­масының жаңартылған нормалары талқыланды. Іс-шараға Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұл­тан қалалық департаментінің қызметкерлері, аталған кәсіп­орынның бас директоры Арман Қасенов және онлайн режімде бар­лық өндірістік филиалдар мен су арналары өкілдері қатыс­ты.

Жемқорлыққа қарсы бірігіп күреседі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қалалық де­пар­таментінің жетекшісі Жази­ра Жы­лқышиеваның айтуынша, бүгінгі таң­да 3 кодекс пен 10 заң­ға өзгеріс енгізіл­ген.

«Жемқорлыққа қарсы заң­на­мада маңызды нормалар қабыл­дан­ды. Бірінші басшылардың жем­­қорлық туралы ескертпегені үшін жауапкершілігі күшейді. Бұл үшін тәртіптік жауапкершілік қарас­тырылған. Тұрақты түрде қыз­меткер­лерге түсіндіру лек­ция­лары мен семи­нар­лар өт­кізіп тұру керек. Бұдан бөлек, жем­қорлық тәуекелдері бойынша сарап­тамалар жүргізу қажет. Бұл профилактика үшін өте маңыз­ды», деп атап өтті Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, жемқорлық шек­теулерін қабылдаған тұл­ға­лар­­­­ға сыйлық алуға толық тыйым­ салын­ған. Спикер жемқорлық құқық­бұзу­шылыққа жауапты тұл­ғалардың саны кө­бейгенін де жеткізді. Енді оған бірін­ші басшылардан бөлек, мем­лекетт­ік сатып алуға жауапты құры­лым­дық бөлімшелердің жетекшілері де кіреді.

«Қазсушар» РМК бас директоры жиын барысында кәсіп­орында жемқорлық профилактикасы бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

«Біздің кәсіпорынның қызмет ая­сы интенсивті және олар кең саланы қамтиды. Бүгінгі кездесуге ел аумағындағы бар­лық­ қыз­мет­кер­лерімізді қатыс­ты­рып отыр­мыз. Себебі бұл шара­ны өте маңызды деп білеміз. Жем­қор­лыққа қарсы заңның жа­ңар­­ған нормаларын бәрі білуі тиіс деп есептейміз. Біз про­филак­тикалық шараларды күн­делікті қабылдаймыз, аталған нор­ма­лар­дың орындалуын қатаң қа­даға­лаймыз. Жалпы айтқанда, бұл бағыт­тағы жұмыс күшейеді», деді А.Қасенов.

Оның пікірінше, аталған жұ­мысқа кәсіпорындағы ашық­тықты қам­тамасыз етіп, жем­қорлыққа қар­сы мәдениетті қа­­лып­тастыратын «Адал­дық ала­ңы» жобалық кеңсесі оң әсерін тигізеді. Іс-шара соңында Жа­зира Жыл­қышиева барлық қа­ты­сушыларға ал­­ғыс білдіріп, жем­қорлыққа қарсы кү­­ресте оң нә­тижеге тек бірлесіп күш сал­­ғанда ғана жетуге болатынын атап өтті.