Аймақтар • 19 Қазан, 2020

iQala-да жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін қосу қолжетімді

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IQala-да көрсетілетін қызметтер тізімі «Қазақтелеком» АҚ-ның тағы бір жаңа қызметімен толықтырылды. Енді елорда тұрғындары орталықтың фронт-кеңсесінде, қашықтықтан www.iqala.kz порталында жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін қосу және қайта ресімдеу қызметін пайдалана алады. 

iQala-да жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін қосу қолжетімді

"IQala елорда тұрғындарының өмірін жеңілдету және қажетті қызметтерді бір жерде немесе электронды форматта алуға мүмкіндік беру үшін құрылған болатын. Сондықтан қала тұрғындарының өтініші бойынша орталықтың порталына жеке тұлғалар үшін "Қазақтелеком" АҚ қызметтерін қостық. Осылайша, елорда тұрғындарында жылу, жарық, су, қоқыс шығару және интернет, телефония, теледидар және басқа да телекоммуникация қызметтері сияқты барлық қажетті тұтынушылық қызметтерге шарттар жасасу мүмкіндігі бар. Қазір iQala порталында 132 қалалық қызмет көрсетіледі. Жыл соңына дейін бұл тізімді 151-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді iQala қалалық қызметтер орталығының басшысы Руслан Жұмаділов.

IQala қызметтері жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Орталықтың бас кеңсесі Р. Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан. Сонымен қатар елорда тұрғындары  iQala  қызметтерін "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1 және Сығанақ көшесі, 25 ("Аңсар" БО) мекенжайындағы фронт-кеңселерінде ала алады.