Қоғам • 19 Қазан, 2020

Қазақстаннан үш шетелдік депортацияланды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстаннан ПТР анықтамасы жоқ үш шетелдік депортацияланды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстаннан үш шетелдік депортацияланды

Шетел азаматтары 19 қазанға қараған түні Ресейден, Өзбекстаннан және Армениядан ұшып келген. Өздерімен бірге COVID-19 жедел тестінен өту туралы анықтамалары бар болса да, ПТР тестілеу нәтижелері болмағандықтан, елге кіре алмады.

Сол түні Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларына 10 халықаралық әуе рейсі ұшып келген. Онда 1136 азаматтың ішінде, 938-інің анықтамасы болса, 198-інде болмаған.

Енді олар ПТР сынамаларын тапсыру үшін аталған қалалардағы карантиндік стационарларға анықтамасыз жатқызылады.