Қоғам • 19 Қазан, 2020

ІІМ ресми өкілі есірткі заты сіңірілген маска туралы түсініктеме берді

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз есірткі заты сіңірілген маска туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

ІІМ ресми өкілі есірткі заты сіңірілген маска туралы түсініктеме берді

"Әлеуметтік желі арқылы әлеуметтік қызметкер атын жамылған қылмыскерлер есірткі заты сіңірілген маска таратып жүр делінген жалған ақпарат таралды. Содан кейін олар еш кедергісіз пәтерді тонап, ұрлық жасайды екен-мыс. Медициналық маска арқылы есірткі затының әсері нәтижесінде тонау фактісінің жоқ екендігін ресми мәлімдегім келеді. Бұл фейк ақпарат", дейді Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ ІІМ ресми өкілі әлдебір бейтаныс адамның әрекетінен күдіктенсеңіз, бірден полицияға хабарласуларыңызды ескертеді.