Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қызылордада карантинге қарамастан той өткізудің 370 дерегі анықталды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұзған азаматтар саны азаяр емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада карантинге қарамастан той өткізудің 370 дерегі анықталды

Биылғы 5 шілдеден бастап жарияланған карантиндік шектеулердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында құрамына жергілікті атқарушы органдар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департамент өкілдері, еріктілер, қоғамдық көмекшілер енген мониторингтік мобильді топтар бүгінгі күнге дейін 679 құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде кафе, мейрамханаларда 370 той жасаудың дерегі анықталса, компьтерлік клубтар, букмекерлік кеңселер 59 рет карантин талаптарын бұзған. Шаштараздар, дүкендер және базарлар, демалыс орындары да санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтамаған.

Мәселен,18 қазан күні сағат 18:14 шамасында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны құдалық рәсіміне туыстарын жинағаны анықталды. Аталған дерек бойынша құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚтК-нің 425 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сонымен қатар 16 қазан күні сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны "Бағдәулет" кафесінде той жасап жатқандығы белгілі болды. Аталған деректер бойынша құжаттар жинақталып, шара көру үшін тиісті орындарға жолданды.

Одан бөлек 16 қазан күні Қызылорда қаласындағы "Айгейм" және "Энерджи" компьтерлік клубтарын тексеру кезінде де дәл осындай құқық бұзушылықтар анықталды.