Қоғам • 19 Қазан, 2020

"А" корпусының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау курстары басталды

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  "А" корпусының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау курстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"А" корпусының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау курстары басталды

ҚР МҚІА төрағасы Анар Жаилганова бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне арналған қайта даярлау курстарының ашылуында  сөз сөйлеп, аталған  курс ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғам қажеттіліктеріне бағытталған заманауи мемлекеттік аппараттың талаптарына жауап беретін басшыларды даярлау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Курсты Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті ұйымдастырып отыр.

«А» корпусы - бұл саяси басшылық пен орындаушылық буын арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге арналған кәсіби басқарушылық буын.

Бағдарламаға қатысушылар - мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі тәсілдерін және басқа да бірқатар басым мәселелерді өзгерту бойынша алдына маңызды міндеттер қойылған тәжірибелі, қалыптасқан ірі құрылымдардың басшылары.

Ведомство басшысы Анар Жаилғанова еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «саяси көшбасшылар саясатты қалыптастырады, кәсіби мемлекеттік қызметкерлер оның орындалуын қамтамасыз етеді»-деген сөзін атап өтті.

Стратегиялық көшбасшылық, өзгерістерді басқару және тиімді коммуникациялар сияқты құзыреттер Президент Қ.К. Тоқаевтың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында қойылған міндеттерді жедел және сапалы шешу қажеттілігі - экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігі және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру жағдайында өте өзекті.

«Мемлекеттік басқару мен қоғамдық дамудағы жүйелі өзгерістердің қазіргі заманғы трендтері мен жоғары қарқыны елдің стратегиялық міндеттерін тиімді шешу үшін инновациялық және инклюзивті ойлау қабілеті бар басшылардың жаңа буынын қалыптастыруды талап етеді», - деп қорытындылады Анар Жаилғанова.