Білім • 20 Қазан, 2020

Coursera платформасында онлайн оқуға мүмкіндік бар

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазірдің өзінде 8,6 мың қазақстандық қазіргі заманның ең талап етілетін дағдыларын меңгеру үшін Coursera онлайн-білім беру алаңындағы тегін курстарда оқу мүмкіндігін пайдаланды. Бүгінгі таңда тіркелген қатысушылар 10 мыңнан астам сабақ өтті.

Coursera платформасында онлайн оқуға мүмкіндік бар

Оқытудың ең танымал ба­ғыттары ағылшын тілін (бизнес-ағылшын, ағылшын тілін оқыту технологиялары, жазбаша дағ­дылар), IT-технологияларды (Python, бағдарламалау негіздері, Adobe Photoshop, HTML және CCS негіздері), кәсіпкерлік дағ­дыларды оқу (өмір ісін іздеу, өз қаражатына бизнес, компания қаржысы), сондай-ақ SMM құралдарын, фотосуреттерді зерт­теу, адами ресурстарды бас­қару және т.б. болды.

Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі мен «Ең­бек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Coursera жаппай онлайн-білім берудің жетекші алаңының өкілдерімен уағдаластығы аясында аталған платформада әлемнің жетекші университеттері мен компанияларынан тегін негізде 4 мың­нан астам түрлі курстарға қол жеткізуге мүмкіндік бар.

Оқудан өту үшін 31 қазанға дейін Электронды еңбек биржасы арқылы өтінім беру және платформада тіркелуді растау керек (www.coursera.org).

 

Соңғы жаңалықтар