Қазақстан • 20 Қазан, 2020

Қазақстанда құс тұмауыннан қанша қанатты қырылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда құс тұмауынан 870 мыңнан астам бас өлгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Қазақстанда құс тұмауыннан қанша қанатты қырылды

Министр елдегі құс тұмауының жағдайы туралы толығырақ айтты. Оның айтуынша, Қазақстан 2005 жылдан бастап бұл аурудан қауіпсіз деп саналады.

"2020 жылдың 22 қыркүйегі мен 19 қазаны аралығында жеті облыста құстардың өлімі тіркелген. Жеке фермаларда 26,5 мың бас, үш құс фабрикасында 847,4 мың бас құс өлген. Бұған аурудың расталған жағдайлары мен ауру күдігі бар орындар кіреді. Осылайша, жоғары патогенді құс тұмауынан жалпы 873,9 мың бас өлді, бұл жалпы құстар санының 1,9 пайызын құрайды", деді Омаров.

Оның айтуынша, құстардың өлімі басталғаннан бері министрлікте және аймақтарда жедел штаб құрылып,  күн сайын кездесулер өткізіліп тұрады.

"Инфекцияның әр бағытына карантин енгізіліп, құстар мен құс өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды, жою және дезинфекциялау кезінде инфекция ошақтарын локализациялау және жою бойынша шаралар қабылдануда.Құстарды мәжбүрлі вакцинациялау үшін ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан құс тұмауына қарсы қосымша 4,4 миллион доза вакцина бөлінді", деп толықтырды министр.

Омаров қазір барлық жеті облыстағы жеке қосалқы шаруашылықтарда өлім тоқтатылғанын, ал үш құс фабрикасында құстардың өлімі азайғанын айтты.

Қазір министрлік тарапынан науқастарды жою және олардың иелеріне шығындарды өтеу жұмыстары жүргізілуде.