Медицина • 20 Қазан, 2020

Фармацевтика өндірісін 96 кәсіпорын жүзеге асырады

741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді 96 кәсіпорын жүзеге асырадыдеп хабарлайды Egemen.kz

Фармацевтика өндірісін 96 кәсіпорын жүзеге асырады

Бүгінде отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 мың атауына 88 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығарылуда. Қоймаларда 18 млн маска бар.

Бұл ретте, кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1,2 млн данаға дейін медициналық маскаларын шығаруға мүмкіндіктері бар.

Күн сайын 330 мың жұп қолғап шығарылады. Қоймаларда 7 миллионнан аса  жұп бар. Ағымдағы жылдың қараша айында қуаттылық тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады.

Бүгінде 6 отандық компания айына 504 мың қорғаныс костюмін шығарады. Жыл соңына дейін қуаттылық 1 миллионға дейін арттырылатын болады.

Індеттің екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласының кәсіпорындары дәрілік заттардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын.