Әлем • 20 Қазан, 2020

Бішкек мэрі тағы да отставкаға сұранды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкек мэрі Азиз Суракматов тағы да отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бішкек мэрі тағы да отставкаға сұранды

Дереккөз мәліметінше, мэр қызметінен кететінін туралы ресми түрде бүгін баспасөз-конференциясында айтады.

Еске салайық, Бішкек мэрі осыған дейін де отставкаға кету туралы өтініш берген болатын. 6 қазанда ол өтініш жазып, қызметінен кетті. Алайда 8 қазанда қашықтан жұмыс істегенін атап өтіп, жұмыс орнына оралған еді.