Қазақстан • 20 Қазан, 2020

Кей университеттер оқытушы жалақысын көтеру тапсырмасын орындамаған

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының оқытушылар жалақысын көтеру тапсырмасын кейбір университеттер орындамай отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Кей университеттер оқытушы жалақысын көтеру тапсырмасын орындамаған

"Жалақыны 25% өсіру тапсырмасы болған еді. Университеттердің басым көпшілігі бұл тапсырманы дұрыс деңгейде орындады. Кейбір университеттер толық орындамаған. Осы университеттердің Директорлар кеңесі төрағаларына тапсырма беремін. Алдымыздағы ең бірінші Директорлар кеңесінің отырысында қарап, тиісті шешім қабылдап, бұл мәселені жабу керек. Әсіресе педагогикалық бағытта білім беретін университеттер. Педагогикалық университеттерде жалақының өсуі басқа университтермен қарағанда әлде қайда көбірек болуы тиіс. Неге? Өйткені, Президенттің тапсырмасы бойынша осы педагогикалық университеттерде оқу құны, бюджеттен беріліп отырған грантың құны басқа университеттермен салыстырғанда көбірек", - деді Асхат Аймағамбетов.