Әлем • 20 Қазан, 2020

АҚШ Apple өнімдерін контрабандаламақ болған Қазақстан азаматын айыптап отыр

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 адамнан тұратын топ АҚШ-тан гаджеттердің ауқымды контрабандасы бойынша күдікке ілінде, деп хабарлайды Egemen.kz АҚШ әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Apple өнімдерін контрабандаламақ болған Қазақстан азаматын айыптап отыр

Нью-Йорктің шығыс округі бойынша прокуратураның хабарлауынша, шамамен 10 күдікті құны 50 миллион доллардан асатын (шамамен 21 миллиард теңге) электронды құралдарды заңсыз әкеткен деп айыпталуда.

Apple өнімдері негізінен АҚШ-тан тасымалданған. Құрылғыларды тасымалдау үшін күдіктілер курьерлер қолданды, олардың көпшілігі "Аэрофлоттың" бұрынғы және қазіргі қызметкерлері.

АҚШ билігінің хабарлауынша, күдіктілердің бірі - АҚШ-та тұратын Қазақстан азаматы, екіншісі - Ресейдің азаматы, онымен АҚШ-тың өзара ұстап беру туралы келісімдері жоқ. Осы себепті қадағалау органы судьядан айыпталушылардың қашып кетуіне байланысты сотталушыларды ұзақ уақыт ұстауды сұрады. АҚШ әділет министрлігінің сайтында жарияланған петицияда қамаудан босатылған жағдайда айыпталушының Ресейге, Өзбекстанға немесе Қазақстанға қашып кетуі мүмкін екендігі айтылған.