Әлем • 20 Қазан, 2020

АҚШ басшысы елдің бас инфекционист дәрігерін "ақымақ" деп атады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Chicago Tribune басылымына берген сұхбатында елдің бас инфекционист дәрігерін коронавирус індетіне байланысты халыққа жалған ақпарат тарататындардың және "ақымақтардың" санатына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ басшысы елдің бас инфекционист дәрігерін "ақымақ" деп атады

Ақ үй басшысының мәлімдесіменде, америкалықтар пандемия жөніндегі жаңалықтардан шаршаған.

"Адамдар COVID-19-дан шаршады. Мен жақтастарыммен айтулы кездесулер ұйымдастырамын. Адамдарға қазір бәрібір, олар "бізге жоламаңдаршы" дейді. Олар бұдан мезі болған. Бас инфекционист Фаучиді тыңдаудан шаршады", дейді Д. Трамп.

Бұған дейін 19 қазанда Фаучи президент Дональд Трамптың коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдірген болатын. Ол АҚШ басшысының ауырып қалғанына таңғалмағанын айтты. Дәрігер Трамп адам көп жиналатын жерде бетперде тақпай жүре беретінін байқаған және мұндайда вирус жұқтыру қаупі жоғары екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырған еді.