Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Қор жеткілікті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы бойынша бюджеттік мекемелердің қажеттілігіне орай, 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына 67,2 мың тонна көмір қажеттілігі жоспарланған. Бүгінде аталған қатты отын қоры 100 пайызға дайындалған.

Қор жеткілікті

Ағымдағы жылыту маусымына тұрғындардың көмірді тұтынудың қажетті көлемі 246,7 мың тоннаны құрайтын болса, қазіргі кезде өңір тұрғындары 215,1 мың тонна көмірмен қамтылған. Яғни, қатты отын 87,2 пайызға дайын. Бұл ретте Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыс бойынша көмір тапшылығы байқалмайды. Аудан, ауылдардағы тұрғындардың қатты отын мәселесіне шағымы жоқ.

Қазіргі кезде өңірде «Шұбаркөл», «Қаражыра» көмірлерінің бағасы 14-17 мың теңге аралығында сатылуда. Дегенмен, аталған басқарманың мәліметінше, қатты отын бағасы сор­­­тына қарай өзгеріп отырады екен. Көмірді бөлшектеп сатуды облыста 31 нарық субъектісі жүзеге асырады десек, енді көмір бағасын тұрақтандыру үшін аудан әкімдіктері мен нарық субъектілері арасында келісім жасалуда. Қатты отын бағасы тұрақты сақталатын болады.

 

Жамбыл облысы