Үкімет • 21 Қазан, 2020

Лихтенштейнмен ынтымақтастық кеңейеді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов жұмыс сапары барысында Лихтенштейн Мемлекеттік істер және қаржы министрлігінің бас хатшысы Маркус Бидерманмен кездесті.

Лихтенштейнмен ынтымақтастық кеңейеді

Тараптар сауда-эконо­ми­калық және қаржылық сала­лардағы екіжақты ынтымақ­тас­тықтың жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан министрі Лихтенштейн тарапына Лих­тенш­т­ейнді жеңілдетілген салық са­лынатын юрисдикция­лар тізі­мінен шығару туралы ресми хабарламаны жеткізді. Лихтенштейн тарапы бұл ше­шімді ризашылықпен қабыл­дап, аталған шешімнің екі ел ара­сындағы іскерлік байланыс­ты кеңейтудің тиімді қадамдары­ның біріне айналатынын атап өтті. Атап айтқанда бұл Лихтенштейннен Қазақстанға тауарларды тікелей жеткізуді және қаржы-несие саласындағы өзара әрекеттесуді күшейтуге мүмкіндік береді.

Б.Сұлтанов Лихтенштейн бизнесін Қазақстанның ЕАЭО мүшелігін және Жаңа Жібек жолындағы негізгі пози­ция­сын ескере отырып, Қазақ­стан ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Ынты­мақ­тастықты дамытудың келешегі ең жарқын бағыттарының бірі ретінде АХҚО алаңы аталды.