Саясат • 21 Қазан, 2020

Халықаралық әуе рейстері азаяды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрлігінің ұсыным­дарын, Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпи­демиялық жағдайдың дең­гейін ескерді.

Халықаралық әуе рейстері азаяды

Осыған орай, 2020 жылғы 26 қазан­нан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны:

1) Біріккен Араб Әмірліктері – аптасына 8 рейске;

2) Беларусь – аптасына 5 рейске;

3) Германия – аптасына 2 рейске;

4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию, ПТР тесті және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 17:44

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум • Бүгін, 15:45