Парламент • 21 Қазан, 2020

Нұрлан Нығматулин: Алдағы сайлау демократияны нығайтуға жаңа серпін береді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыстың күн тәртібін қарауға кіріспес бұрын  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин: Алдағы сайлау демократияны нығайтуға жаңа серпін береді

"Әрине, Парламент сайлауы ол біздің еліміз үшін де, біздің халқымыз үшін де өте маңызды саяси қадам. Себебі парламенттік сайлау еліміздегі барлық саяси партиялардың, өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін береді  деп сенеміз", - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Парламенттің келесі шақырылымы жұмысын бастағанға дейін қазіргі депутаттық корпус елімізді одан әрі дамыту және ілгерілету үшін заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастыра беретінін жеткізді. 

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленді.