Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Ақтауда "Интеллект-2020" зияткерлік сайысының жартылай финалы өтті

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы жоғарғы, техникалық және кәсіптік оқу орындары студенттерінің зияткерлігін зерделеп, біліктілігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған сайыс карантин режиміне  байланысты  “Quizizz”  бағдарламасы арқылы онлайн түрде өткен. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігінің "Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы" МДК КММ директоры Дәулет Сағынтаев мәлім етті, деп хабаралйды Маңғыстау облыстық коммуникация орталығы.  

Ақтауда "Интеллект-2020" зияткерлік сайысының жартылай финалы өтті

Сайыста   Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-дің "YU тобы", Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гиманитарлық колледжінің "IQ тобы", Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау Политехникалық колледжі атынан "Политех Live тобы", Маңғыстау туризм колледжінен "Шаңырақ тобы", Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің "Самғау тобы", Ш.Есенов атындағы КМТжИУ көпсалалы колледжінде құрылған "Есенов алғырлары"  және "Мейірбике" колледжінің "ММК тобы" сынды 7 команда қатысты.  

"Аталған командалар 3 кезең бойынша сайысып, жалпы және салт-дәстүрлерге арналған сұрақтар бойынша жауап берді. Сайыс барысында (Quizizz) бағдарламасы арқылы жоғарғы ұпай жинаған  “Самғау тобы”, “ММК тобы” және “Есенов алғырлары” мен “IQ”тобы финалға жолдама алды. Ал, төменгі ұпай жинаған командалар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Финал келесі айда өтеді деп жоспарлануда", дейді орталық директоры.