Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Бейнебақылау камерасының көмегі көп болып тұр

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 9 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының "102" арнасына 30 мыңнан астам қоңырау  түсіп, полиция  құзырына жататын  29 мыңнан астам хабарламаға  қызмет  көрсетілді.    

Бейнебақылау камерасының көмегі көп болып тұр

Бейнебақылау камерасының көмегімен 81  қылмыстың беті ашылды. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді адамдарды жедел тексереді.

Мысалы, 12 қазанда түнгі кезекшілікке түскен бейнебақылаушы инспектор кешкі уақытта  белгісіз азаматтың көпқабатты үйлердің бірінің алдында тұрған темір орындықты ұрлап,  "Газель" автокөлігіне тиеп жатқандығын  байқайды.

Инспектор дереу байланыс құралы арқылы  патруль бекеттеріне хабарлама береді. Полиция қызметкерлері камерамен шолу барысында күдікті көліктің бағытын анықтап, тоқтатады.  Осылайша, ұрлық жасаған 51 жастағы қала тұрғыны ұсталды. 

Қазіргі таңда мемлекеттік мүлікті ұрлаған қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталып, оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Бұдан бөлек, бейнебақылау арқылы күдік тудыратын азаматтар тексеріліп,  4  суық  қару  анықталған.  

Жыл басынан камералар көмегімен барлығы 12 мыңнан астам әкімшілік  құқық  бұзушылық анықталып,  10 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі  анықталды.