Елорда • 21 Қазан, 2020

Елордада "ЭкоАсар" акциясының көшбасшылары марапатталды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен Білім беруді модернизациялау орталығы "ЭкоАсар"акциясының көшбасшыларын марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада "ЭкоАсар" акциясының көшбасшылары марапатталды

Елордалық білім беру ұйымдарда 11 қыркүйекте экологиялық марафон басталды. Оның аясында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері үшін семинарлар ұйымдастырылды. Олар бүгінгі күні ҚТҚ-ны бөліп жинауды үйрену бойынша оқытудан өтті. Марафонға сондай-ақ барлық мемлекеттік балабақшалар қатысып, олардың арасында экологиялық жарыс өткізілді. Балабақшалардың тәрбиеленушілері мен ата-аналар сатқан қайталама шикізаттан алынған қаражат үйсіз жануарлардың баспанасына көмекке жіберілді.

5-11 сынып оқушылары үшін 80 073 баланы қамтитын экосағаттар өткізілді. Іс жүзінде оқушылар қатты тұрмыстық қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау керектігін білді.

"Комиссия барлық алынған деректерді талдап, акция барысында мектептерде 26 393 тоннадан астам ҚТҚ жиналғанын және балабақшаларда 5 945 кг жиналғанын айтады", деп атап өтті Білім басқармасынан.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі экологиялық мәдениетті арттыру және осы бағытты мектептерде оқытудың маңыздылығын атап өтті.

Марапаттау рәсімінің соңында "ЭкоАсар" бастамасының қорытындысы шығарылды, жеңімпаздар марапатталды. Бұл эстафетаны ҚР басқа қалаларына (Семей, Петропавл, Павлодар) да тапсырды.