Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Қазақстандықтар 23 млн теңгеге "Салық әмиянын" толтырды

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеу процессі одан да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары азайтылды деп хабарлайды. Бұл "eSalyq" мобильді қосымшасындағы "Салық әмияны" қызметінің арқасында мүмкін болды, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.

Қазақстандықтар 23 млн теңгеге "Салық әмиянын" толтырды

Казіргі таңда республика бойынша инновацияны – 7 090 адам пайдаланды. Олар өздерінің жеке шоттарын – 22,9 миллион теңгеге толтырды.

"Салық әмияны" қызметіне қаражат жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар жеңілдіктерге ие болды, мысалы:

- "Салық әмиянынан" салық берешегін автоматты түрде есептен шығару; 

- қарыз сомаларын бір салықтан екінші салыққа автоматты түрде аудару;

- төлем туралы хабарлама алу;

- негізсіз салық санкцияларын алып тастау;

- қате төлемдерді жою;

- салық салу объектілерін қарау.

Сондай-ақ, "eSalyq" мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарауға, салықтың қандай көлік құралдарымен есептелгенін көруге мүмкіндік бар.

Бұд қызмет сізге көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қосқанда, оны атынан шығаруға (сатуға) байланысты көлік құралын мәліметтер базасынан шығарып тастау үшін онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.

Іске қосылғаннан бастап, ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін – 7 493 адам саны  түзету мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, оның – 7 312-сі көлікке, 117-сі мүлікке қатысты.

Интерфейсте тиісті сату құжаттарын немесе көлік құралының деректерін түзету жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.

Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап – 507 салық төлеушілер артық төлемдерді басқару қызметін қолданып үлгерді. Олар салықтардың басқа түрлері бойынша бұрыннан бар артық төлемдерден – 19,4 миллион теңге көлемінде салық төледі.

Жалпы, порталға кіріп, мобильді қосымшаны – 96 263 адам жүктеп үлгерді.

Төленуге жататын көлік салығының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, egov.kz электронды үкімет порталы,  сондай-ақ тұрғылықты  жері бойынша аудандық Мемлекеттік кірістер басқармалары арқылы білуге болады.