Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 2-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын.
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.
- Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б.Имашев
Хатшы С.Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жылғы 21 қазан,
№ 29/334